Негізгі бет > Араб әріптері (фонетика), Грамматика > 4-ші сабақ. Қысқа әрекеттер (харака қасира) және сукун.

4-ші сабақ. Қысқа әрекеттер (харака қасира) және сукун.

Алдыңғы сабағымызда айтып кеткеніміздей араб тілінде дауысты дыбыстардың қызметін қысқа әрекеттер (харака қасира) орындайды. Осылайша араб тілінде қысқа харака деген ұғым бар. Қысқа харака деп әріптің үстіне немесе астына қойылатын белгілер айтылады. Мысалы, қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар бар. Сол дауыссыз дыбыстарды оқу үшін дауысты әріптерді қою арқылы мағынаны түсінеміз. Мысалға «қ» және «л» әріптерін алайық. «Қ» әрпінің жанына «а» дауысты дыбысын, «л» әрпінің жанына тағы да «а» әріпін қосатын болсақ, онда «қала» деген сөзі шығады. Осы секілді араб тіліндегі «қысқа харака» дауысты дыбыстардың қызметін атқарады. Қысқа хараканың үш түрі бар. Олар:

1.Фатха, әріптің үстінде тұратын сызықша, мысалы: (ــَــ)

2.Кәсрә, әріптің астында тұратын сызықша, мысалы: (ـــِـ)

3.Дамма, әріптің үстінде тұратын, үтірге ұқсас белгі, мысалы: (ــُــ)

Бұдан кейінгі сабақтарда әріптерге жекелей тоқталып, жаттығулармен айналысамыз.

Төмендегі видеода мысалдар келтерілген. Қолыңыздан келгенше бірге қосылып қайталаңыз.

Фатхаға мысал:

Кәсрәға мысал:

Даммаға мысал:

Енді сукун жайлы сөз қозғасақ. Қазақ тілінен мысал келтірер болсақ. «Мекен» сөзі, м+е+к+е+н екі дауысты және үш дауыссыз әріптерден құралған сөз. Мекен негізі араб сөзі. Араб тілінде жоғарыда айтып кеткеніміздей дауысты әріптер жоқ.   Мысалдағы  مَكَانْ  «нун» әрпінің үстінде тұрған домалақ, нольге ұқсас әрекет «сукун» деп аталады және сөздің біткендігін білдіреді. Сабақты жазуда Шұғаның белгісі Шұғыланың Фатха сабағы пайдаланылды.

  1. Әлі еш пікір жоқ.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру