Блог жайлы

Әссәләму әләйкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ.

Құрметті блогшылар, құрметті оқырман, құрметті араб тілін үйренуші талабалар, ДінИслам.kz сайты мен Мәліметтер.org сайтының бірігіп ұйымдастырып жатқан араб тілін үйрену сабақтары блогына қош келдіңіздер! Араб тілін үйренуде сәттілік тілейміз.

Блогта онлайн сабақты беруші “Бала Бүргем” блогын жүргізушісі.

Блогқа деген ыстық лебіздеріңізді осында жазып кетсеңіздер болады.

العربية أكثر لغات المجموعة السامية متحدثينَ، وإحدى أكثر اللغات انتشارًا في العالم، يتحدثها أكثر من 422 مليون نسمة،1 ويتوزع متحدثوها في المنطقة المعروفة باسم الوطن العربي، بالإضافة إلى العديد من المناطق الأخرى المجاورة كالأحواز وتركيا وتشاد ومالي السنغال وإرتيريا. اللغة العربية ذات أهمية قصوى لدى المسلمين، فهي لغة مقدسة (لغة القرآن)، ولا تتم الصلاة (وعبادات أخرى) في الإسلام إلا بإتقان بعض من كلماتها. العربية هي أيضا لغة شعائرية رئيسية لدى عدد من الكنائس المسيحية في الوطن العربي، كما كتبت بها الكثير من أهم الأعمال الدينية والفكرية اليهودية في العصور الوسطى. وأثّر انتشار الإسلام، وتأسيسه دولاً، في ارتفاع مكانة اللغة العربية، وأصبحت لغة السياسة والعلم والأدب لقرون طويلة في الأراضي التي حكمها المسلمون، وأثرت العربية، تأثيرًا مباشرًا أو غير مباشر على كثير من اللغات الأخرى في العالم الإسلامي، كالتركية والفارسية والكردية والأوردية والماليزية والإندونيسية والألبانية وبعض اللغات الإفريقية الأخرى مثل الهاوسا والسواحيلية، وبعض اللغات الأوروبية وخاصةً المتوسطية منها كالإسبانية والبرتغالية والمالطية والصقلية. كما أنها تدرس بشكل رسمي أو غير رسمي في الدول الإسلامية والدول الإفريقية المحاذية للوطن العربي.

العربية لغة رسمية في كل دول الوطن العربي إضافة إلى كونها لغة رسمية في تشاد وإريتيريا وإسرائيل. وهي إحدى اللغات الرسمية الست في منظمة الأمم المتحدة.

تحتوي العربية على 28 حرفًا مكتوبًا. ويرى بعض اللغويين أنه يجب إضافة حرف الهمزة إلى حروف العربية، ليصبح عدد الحروف 29. تكتب العربية من اليمين إلى اليسار – مثلها اللغة الفارسية والعبرية وعلى عكس الكثير من اللغات العالمية – ومن أعلى الصفحة إلى أسفلها.

Араб тілі – тілдердің семит-хамит шоғырындағы семит бұтағынан таралатын тіл. “Құран” осы тілде жазылған. Сөздік құрамы 12,305,400 сөзден асады. Араб тілі семит бұтағының оңтүстік тармағына енеді. Оңтүстік және солтүстік тармақшаларға бөлінеді. Оңтүстік тармақшасын Оңтүстік Арабстандағы ертеде жойылып кеткен сабей тілі, б.з.б. 5 ғасырда қолданылған миней тілі жатады.

Қазіргі Йемен аумағынан табылған ежелгі жазба ескерткіштер осы аталған тілдерде жазылған. Миней жазуымен жазылған көне жазба ескерткіштер Солтүстік Арабстаннан да табылды. Солтүстік тармақша тұтас тілдің өзі тәрізді араб тілі деп аталады. Осы тілде жазылған жазба ескерткіштер кейін пайда болған. Олардың ең көнесі – лихйендік жазбалар.

Бұл жазбалар Солтүстік Хижазда, Оңтүстік Сирияда Птолемейлер әулеті билік құрған кезеңде (Мысырды б.з.б. 330-30 жылдарда билеген) және б.з. 106 жылы Дамаскінің оңтүстігіндегі Сафа шатқалына да тасқа қашап жазылған. Исламға дейінгі поэзиялық ескерткіштердің сақталып қалғандары, негізінен, б.з. 6-7 ғасырларда пайда болған. Ислам дінінің ықпалымен араб тілі Арабстан аумағында тұтас қолданылатын тілге айналды.

Араб халифатында араб тілі мемлекеттік тіл саналды. Басқа жергілікті халықтар тілдеріне әсер етіп, олардың сөздік құрамы араб сөздерімен толықты. Араб тілінің кең таралуы әр-түрлі диалектілердің пайда болуына ықпал етті.

Араб тілі Қазақстан аумағына 7-9 ғасырлардан бастап, негізінен, діни әдебиеттер, діндарлар, мешіт-медреселер ықпалымен кең тарады. Қазан төңкерісіне дейін (1917) Қазақстанда араб тілін еркін меңгерген сауатты адамдар көп болған. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл дәстүр әлсіреді. Тек 20 ғасыр соңғы ширегінде Қазақстанда араб тілін оқып үйренуге арналған бірқатар оқулықтар, анықтамалықтар, арабша-қазақша сөздіктер жарық көре бастады. Араб тілі жайлы мәлімет Википедиядан алынды.

  1. Желтоқсан 30, 2010, 3:20 pm

    Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
    Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Ұлықбек бауырым, Аллаһ ісіңізге жеңілдік берсін, өте жақсы бастама бастаған екенсіз, әрбір адамға құранды дұрыс оқу уәжіб, ал құранды дұрыс оқу үшін тәжуйдті білу керек, расында құран үйреніп оны үйретушіден абзал адам жоқ, және Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен бір хабарда Құранды дұрыс оқушыны ардақты періштелермен бірге айтылатыны хабарланған! Ақырет күні құранды оқыда көтеріліп кете бер деген жандарын боуымызды Аллаһ бізге нәсіп қылсын! Әмин!

  2. ТӨЛЕН ЖОМАРТ
    Желтоқсан 30, 2010, 3:54 pm

    Ассаламу алейкум! “Араб тілі блогы” қазіргі заманның талабына сай, электрондық түрде өте керемет және пайдалы зат немесе оқу құралы екеніне күмәнім жоқ. Себебі, қазіргі жастар, заманымыздың ағымына қарай тек электрондық оқулықтармен оқып-үйреніп жүргенін көріп жүрміз. Ал, интернетке қолы жеткен азаматтар үшін бұл “Араб тілі блогы” баға жетпес дүние десек қателеспейміз.
    Ендігі, осы сабақтарды ұйымдастырып, ғаламторға енгізіп жатқан, еңбек еткен бауырларымызға Алланың разылығынан басқа не тілейміз. Алла істеріңізге береке, жеңілдік берсін!

  3. Шамшат
    Желтоқсан 30, 2010, 5:17 pm

    Блог жақсы, арабша жазу, мр3 файлдарымен әдемі түсіндірген екен. Араб әріртерін цветной қылып жазғаны түсінікті екен.

  4. Желтоқсан 30, 2010, 8:57 pm

    Ассаламу-алайкум!Машааллах Аллах жемісін берсін!Сәттілік!

  5. Ереке
    Мамыр 27, 2011, 3:17 pm

    АЛЛА разы болсын сіздерге!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: