Негізгі бет > Араб елдері > Египет Араб Республикасы

Египет Араб Республикасы

Египет (арабша: مصر‎‎ Миср/Miṣr [misˤɾ], масри مصر Маср/Maṣr [ˈmɑsˤɾ]) — Африка құрлығының солтүстік шығысы мен Синай түбегінде орналасқан араб мемлекеті, ертедегі Перғауындар (Фараондар) елі. Ресми атауы — Египет Араб Республикасы. Израиль, Пелестина, Ливия және Судан елдерімен шектеседі. Елдің шығысында Қызыл теңіз, ал солтүстігінде Жерорта теңізі бар. Египетті 83,1 млн.-ға жуық адам мекен етеді (2009 ж.). Жыл сайынғы халық санының өсуі — 1,9 %.

Елдің мемлекеттік діні — Ислам діні (90 % мұсылмандар). Халықтың 98 % египеттік арабтардан тұрады. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Египетте араб тілінің египеттік диалектісі көп қолданылады. Жазуы ертеден келе жатқан араб әліпбиі болып сақталған. 1800 жылдардағы египеттіктердің саны 2,5 млн. болды. 1900 жылы шамамен 12,5 млн. болса, 2000 жылғы көрсеткіш 68 млн.-ға жетті.

Египет – Қазастан қарым-қатынасы. Египет — Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып таныған мемлекеттердің бірі. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 жылы орнайды. 1993жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Египет Араб Респудликасына ресми сапармен барады. Осылайша екі елдің достығы оң қадамдармен басталады. Сол жылы Алматы қаласында ”Нұр-Мүбарак” Ислам мәдениеті университеті ашылды. Ислам мәдениеті университеті Қазақстан бойынша жоғары дәрежелі дін тану мамандары мен имамдарды дайындайтын жалғыз ЖОО болып табылады. 1998 жылы Египеттегі Қазақстанның елшілігінің ұйытқысымен елшілік орналасқан көшеге қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімі беріледі. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Египет арасындағы сауда қатынастары 250 млн. АҚШ долларын құраған. 2007 жылғы Қазақстан Президентінің Египетке жасаған реми сапарында Каир мен Алматы арасында әуе рейсін ашу мәселесі сөз болып, екі жылдан кейін (24.10.2009) Каир-Алматы-Каир тікелей әуе қатынасы орнайды. Бұл рейс Египеттің ”Egypt Air” әуе компаниясының меншігіндегі Боинг-737 ұшағы арқылы орындалады. Мәлімметтер сайтынан.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: