Негізгі бет > Жаңалықтар > Араб тілі қиын тіл емес

Араб тілі қиын тіл емес

Араб тілінің өзіндік графикалық ерекшеліктері бар әріптеріне қарап: «Араб тілі — үйренуге қиын тіл» деп, шорт кесіп шешім айтатындар кездеседі. Бірақ ондай шешімдер мүлдем дұрыс емес.

Арабша әріптердің біздің көзіміз бен қолымыз үйренген латын және кирилл қаріптерінен өзгеше екені анық. Бірақ ол араб тілі қиын дегенді білдірмейді. Тілдің қиындығы әріптерінің немесе таңбаларының күрделілігімен емес, олардың дыбысталуымен, тілдің грамматикасымен өлшенеді. Мысалы, арабшадағы оп-оңай бір сөздің француз тіліндегі баламасын айту өте қиын болуы мүмкін. Өйткені, француз тілі әріптерімен емес, олардың оқылуымен, сөздерінің дыбысталуымен қиын деп саналады. Тағы бір мысал, күнделікті еститін, бесіктен қабірге дейінгі өмірде естіп жүрген орыс тілін үйрену өте қиын. Бесіктен бастап еститін тіл болғандықтан бізге оның қиындығы біліне бермейді. Орыс тілі әлемдегі қиын тілдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Неміс тілінің грамматикасы да сондай. Ал грамматикасы өте оңай санайтын ағылшын тілі ше? Сөздердің жазылуы мен айтылуы бойынша қиын тілдердің бірі — осы ағылшын тілі. Олай болса, тілдерді әріптеріне қарап оңай немесе қиын деп жіктеуге болмайды.

Араб тілін әріптерге сүйеніп, қиын деп санайтындарға тиісті ой айтылды. Енді «Араб әріптері қиын ғой. Сөздің басында басқа, ортасында және соңында басқаша жазылады. …» дейтіндерге бір-екі ауыз сөз.

Арабша әріптердің сөздегі орындарына байланысты әр түрлі жазылатыны рас. Есесіне, оларда бас әріп, қосарланған әріп дегендер жоқ. Бір буынды бір-ақ әріппен жазуға болады.

Қытайдың иероглифтерін көріп, ол тілді үйренгісі келмейтіндер қаншама. Бірақ ол иероглиф тек бір реттік. Оны үйреніп алғаннан кейін сіз маңызды шаруадан құтыласыз. Егер қытай иероглифтері мен араб әріптерін үйрену қиындықтарын салыстырсақ, араб әріптері баланың ойынындай болып қалады.

ДінИслам.kz сайты мен Мәліметтер.org сайтының бірігіп ұйымдастырып жатқан араб тілін үйрену сабақтарына қош келдіңіздер!

  1. Желтоқсан 28, 2010, 9:27 тк

    menin janym sabak algan AKWta jurgeninde, olardyn univerinde bar bolgan goi sondai synyp, arab apai uiretken eken. Ol kaita ote kiyn dedi,arab tilinin ozi ar elde ar kalai, tipti Saud Arabiasynda jazylatyn arab tili bolek, auyz eki soileitin arab tili bolek-myw.
    Birak ademi til. An sekildi estiledi kulakk! ‘:)))))

    • mugalim2011
      Желтоқсан 28, 2010, 11:27 тк

      Тіл болғаннын кейін оны үйрену оңай шаруа емес. Ал араб тілін қиын емес дегендегі себеп, басқа тілдермен салыстырғандағы қиындығының аса ауыр болмауында.

    • Желтоқсан 29, 2010, 2:21 тд

      Блогтағы сабақтарды қайталап шықсаңыз, оңай үйреніп аласыз деп ойлаймын…

  2. Қазан 3, 2013, 1:14 тк

    yaaa mwnin oyimwada arab tili katty kyin emes… men kazir okip jurmin…

  3. Болат
    Желтоқсан 19, 2013, 12:36 тк

    Арабша уйрену оңай.бірак міндетті турде білетін адамнан үйрену керек.себебі әріптерді кате айтұға болмайды.сойлем озгереді.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру