Мұрағат

Posts Tagged ‘Әлиф бә тә сә жим ха хо дәл зәл’

3-ші сабақ. Созылыңқы әріптер حروف المد

Желтоқсан 26, 2010 Пікір қалдыру

3-ші сабақ الدرس الثالث
Созылыңқы әріптер حروف المد

Араб тілінде созылыңқы әрі дауысты әріптердің қызметін атқарушы әріптер бар. Олар: әлиф (ا), йа (ي), уау (و). Бұлардан басқа әріптердің барлығы дауыссыз әріптер қатарына жатады. әлиф (ا), йа (ي), уау (و) әріптері дауысты әріптер емес, тек қана дауыссыз әріптерден кейін келіп, әріптердің созылып оқылуына ықпал жасайды. Негізгі дауысты әріптердің қызметін атқарушы «харака» әркеттер болып есептеледі. Әрекеттер жайында кейінгі сабақтарымызда өтеміз.

Тег «Далее»

2-ші сабақ. Араб әріптерін жазып үйрену

Желтоқсан 25, 2010 3 пікір

Араб әріптерін жазып үйрену. Бұл қосымша сабақ ретінде өтіледі. Құрметті оқырман, бұл сабақты күнделікті қайталып отыруыңыз керек. Бұл үшін өзіңізге «черновик» арнап, сол дәптерге қолыңыз үйренгенше қайталауыңыз шарт болады.

Әріптерді жазып үйрену үшін мұнда басыңыз.

1-ші сабақ. Араб әріптері (Алфавит)

Желтоқсан 25, 2010 32 пікір

Құрметті оқырман, араб тілі блогына қош келдіңіз.

Бұл бірінші сабақ болғандығы себепті әріптерді мұқияат қарап, жазу жолдарын жақсылап үйреніп алуыңыз керек. Бірінші әріптердің атауын жаттаңыз. Жаттап болған соң «2-ші сабақтағы» әріптердің жазылуын біртіндеп қайталып шығыңыз.

Араб тілінде 28 әріп бар. Кей жерлерде 29 деп айтылуы мүмкін. 29-әріп ол Әлиф пен Ләм әріптерінің қосарланған түрі. Бұл  Ләм-әлиф деп аталады Тег «Далее»

Блог араб тілін үйренушілерге арналады

Желтоқсан 25, 2010 Пікір қалдыру

Араб тілі — Құран тілі. Араб тілін үйрету мақсатында Шұғаның белгісі шұғыла «Араб тілі» деген блог ашқан болатын. Алғашқы жазбаларын 2007 жылы шілде айында бастаған болатын. Төменде сол жылы жазылған «Араб тілі» блогынан алынған мақаланы, блогымның алғы сөз ретінде ұсынып отырмын.

Араб тілі жалпы тіл білімінде генеологиялық классификация бойынша хамит-семит тілдері тобының ең бай тармағы болуымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілі ретінде әлемдегі негізгі тілдердің біріне айналды. Қазір бұл тілде 190 млн-ға жуық адам сөйлейді. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғанымен бері әлемнің басқа мемлекеттерімен достық қарым-қатынасқа түсуі шет тілдерін меңгерген азаматтарға мұқтаждықты арттыра түсуде. Тег «Далее»