Негізгі бет > Жаңалықтар > Блог араб тілін үйренушілерге арналады

Блог араб тілін үйренушілерге арналады

Араб тілі — Құран тілі. Араб тілін үйрету мақсатында Шұғаның белгісі шұғыла “Араб тілі” деген блог ашқан болатын. Алғашқы жазбаларын 2007 жылы шілде айында бастаған болатын. Төменде сол жылы жазылған “Араб тілі” блогынан алынған мақаланы, блогымның алғы сөз ретінде ұсынып отырмын.

Араб тілі жалпы тіл білімінде генеологиялық классификация бойынша хамит-семит тілдері тобының ең бай тармағы болуымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілі ретінде әлемдегі негізгі тілдердің біріне айналды. Қазір бұл тілде 190 млн-ға жуық адам сөйлейді. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғанымен бері әлемнің басқа мемлекеттерімен достық қарым-қатынасқа түсуі шет тілдерін меңгерген азаматтарға мұқтаждықты арттыра түсуде.

Соның ішінде араб тілін оқып үйренудің маңызы да зор, өйткені Қазақстан Республикасы араб елдерімен де тікелей саяси-экономикалық байланыстарын дамытып отырғаны мәлім. Сондай-ақ ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына дейін араб әліппесін қолданып жазған ата-бабаларымыздың мұраларын игеру үшін, азаттығымыздың нәтижесінде мұсылман қауымы ден қойып отырған ислам дінін, қасиетті Құран мағынасын жете түсіну үшін және қазақ тіліне енген араб кірме сөздерінің этимологиясын айқындап, олардың мағынасын, грамматикалық құрылысын, т.б. салғастыра зерттеу үшін араб тілін меңгеру аса қажет.

Қазақстанда араб тілі бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1975 жылдан бері оқытылып келеді. Қазіргі уақытта республика бойынша елуден аса жоғары және орта білім беру орындарында араб тілі арнайы пән ретінде жүргізілуде. Дегенмен, жоғарғы оқу орындарында араб тіліне арналып қазақ тілінде жазылған ғылыми тұрғыдан негізделген арнайы оқу құралы жоқтың қасы. Араб тілі флективті тілдердің қатарына жататындықтан грамматикасында өзіндік ерекшеліктері бар.

Мысалы, басқа тілдерде сөзжасам есім сөзден жасалса, араб тілінде көптеген есім сөздер етістіктен белгілі бір үлгілер бойынша жасалады т.с.с. Араб тілі грамматикасы صَرْف сарф және نَحْو наху болып екіге бөлінеді. صَرْف Сарф (морфология) сөз және оның формалары туралы ілім.

Араб тілінде морфология негізінен етістікті, оның баптарын, түрлерін және етістіктен және есімнен жасалған туынды есім сөздерді зерттейді. نَحْو Наху (синтаксис) – сөз тіркесі және сөйлем туралы ілім. Араб тілінде синтаксис сөздің сөйлемдегі орын тәртібін және сөздің соңғы харакатының өзгеруін зерттейді. Семит тілдер тобына жататын араб тілі алғашқыда тек Араб жарты аралында ғана қолданылған.

Хижраның 1 ғасырынан бастап ислам дінінің дүние жүзіне кең таралуына байланысты араб тіліне қажеттілік арта түсті. Классикалық араб тілінің негізі қасиетті Құран тілінен бастау алады. Осыған орай ертеден бастап-ақ араб филологиясы дамып, оның грамматикасысн және тілдік сөздіктерін жүйелеу жұмыстары қалыптастырыла бастады. Бұл жұмыс алғашында Басрада, кейін Куфада жүзеге асты. Соның нәтижесінде Басра және Куфа мектептері пайда болды. Араб тілі филолологиясын алғаш рет Хижра І ғасырының 2 жартысында Әбі Әсуад ад-Дуали (69 араб жыл санауы бойынша / біздің жылымен 689 жылы) зерттеген. Бұл істі бастауға Хазірет Али ибн Әбу Талиб ықпал еткен.  14 шілде, 2007 жыл.

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: