Негізгі бет > Тәжуид сабақтары, Құран оқу > Тәжуид сабақтарына кіріспе

Тәжуид сабақтарына кіріспе

Бисмилләһир рахманир рахим. Әлхәмду лилләһи роббил ъаламин. Уас соләту уәс сәләму ъалә ашрафил мурсалин.

Қадірлі мұсылман бауырлар! Отанымыздағы жүріп жатқан рухани және діни оң өзгерістер Ислам дінінің кемелденген дін екенін, Аллаһ тағаланың ұлы Кәләм шәрифі – Құран кәримнің тендессіз құбыланама және шексіз муғжиза – керемет екендігін тән алуға алып келуде. Бұл муқаддас – қасиетті кітапты оқып, оны тәпсірлеп – аударып халқымызға жеткізу жолында сүйікті еліміздің топырағынан шыққан қаншама ғұламаларымыз көз майын тауысып еңбек еткен. Біздің түркі тілдес мұсылман халықтарын алатын емлесін мәжбүри ендіріп, «Оңай әліппемен халықтың сауатын ашамыз» деушілердің түпкі мақсаты – бізді араби әліппеден алшақтату жәнс осы арқылы дінімізден, дәстүрлі ғамал – қолданбамыз болған Құраны кәримнен махрұм ету болатын. Өкінішке орай, олар сол қарғыс атқыр қу мақсаттарына жетті де, бірақ әлхәмду лилләһ, біржолата діннен айыра алмады. Мешіттерімізде әлі де жамағатшылығымыз баршылық. Жастарымыз да Аллаһ тағала жолына мойын бұрып, Ислам дінінің тарихында жаңа беттер ашыла бастады.

Біз сол көп беттердің бірі есебінде қолдарыңыздағы «Т Ә Ж У И Д» оқулығын баспадан шығарып, қадірменді оқушыларымызға және Құраны кәримді оқып, үйренушілерге ұсынамыз. Өйткені Кәләм шәриф – Құран кәрим өз қалауынша оқитын кітап емес. Аллаһ тағала атап көрсеткендей:

«Оны – Құраны кәримді тек қана кәміл дәреті бар бәнделер ғана ұстайды». Түрліше тәпсір – Құранның түсінігін жазған кітап егелері «Мутоһһар» сөзін мәләикәйі мукорроб, яғни Аллаһ тағалаға жақын періштелер деп түсіндірген. Бұл аяттың алдында «бекітілген жазудағы кітап, оны кез-келгсн періштелер де көре алмаған, көру нәсіп болмаған – деп хабарлайды аят. Осыншалық әзиз және қымбатты кітаптың бағасын әрбіріміз білуіміз керек. Пайғамбарымыз с.а.с. Құранды тәжуидпен оқыған кісіге «Әр әрпіне он сауап жазылады», – деп, әріпті де баян стксн:

«Мен әлиф, ләм, мим /үшеуін/ бір әріп демеймін. Керісінше әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп дсймін, – деген.

Осындай әзиз кітапты қалай етіп оқу жолын біз осы оқулықтан үйренеміз. Өйткені пайғамбарлықтың иесі болган Зат: «Құран оқымақшы болған әрбір кісігес тәжуидкес орай оқу -жекелей парыз»,- деген.

Түркілердің кәрнекті тұлғаларының бірі Мірәлі – Әлишер Науаи һират-Герат көшелерінің бірінде келе жатса, бір кісі көшеде өте ұнамсыз дауыспен Құран кәримді оқып отыр екен.  Ол кісі таяп келіп:

– Не істеп жатырсыз?- деп сұрапты. Әлгі адам:

– Көрмей тұрмысың?-десе ксрск. Сонда Мірәлі саспай:

–   Сіз Құранды үйге кіріп оқыңыз, өйткені сіздің  мына дауысыңызды естісе, адамдар Құраннан қашады деген екен. Демек, керісіншс тәжуид қағидасына сәйкес оқысақ,  біз халықты Құранға тартқан боламыз және қанша адамдаргға бұл ұлы Кітаптың пәйізі – игі әсері өтуіне себепші боламыз.

Аллаһ тағала бізге Құран кәримді назыл ете – ендіре тұрып:

«Біз Құран кәримнен момындарға шипа болатын және Жаратушының рахметі – есіркеуі болған аяттарды ендіреміз» деп, Кәләмуллаһ – Құранның біз момындарға екі жақты пайдасы барлығын ескертеді: біріншісі – кімде кім Аллаһ тағалаға сеніп, иманмен пайдаланса, Аллаһ тағаланың рахметі екендігін көрсетіп өтеді, екіншісі – дертімізге шипа, ауру-сырқау мен түрліше зиянкестерге қарсы медет, демеушіміз екен.

Ғұламалардың кей бір хабарларында, қари – Құранды ережесімсн оқи білетін адам Құранмен амал етіп, жолын ұстанған, тақуа – таза кісі болса, денесі шірімейді, дейді. Бұл демек пайғамбарлар мен шәһидтер – шейіттер қатарындағы кұрметке лайық болады деген сөз.

Имам Термізидің Ибн Омардан р.а. риуаят еткен мына хадисімен барлық нәрсе аян болады:

Расулуллаһ с.а.с.: «Қиямет күні Құран оқушыға: «Оқы да көтеріліп бара бер, ана жарық дүниеде қандай оқитын болсаң, сондай оқы, ақырғы аятты оқыған жерінде сенің жәннәтгағы мәртебе – орның болады», деп айтылады»,- дейді.

Демек, Құран біздің ахыреттік мүддеміз – мақами жәннәт – жәннәттағы орнымызға бастайтын жолбасшымыз екен. Бір ғана Құран үшін Аллаһ тағала оқушысын, оқытушысын, тыңдаушысын, оларға тілеулестігін білдірген кісіні, қызметін ұйымдастырған адамды, қызметті тікелей атқарған кісілерді ниеттеріне жараса сауаптан кенде етпейді. Олай болса, бауырластар, Құранды үйретейік, әр кез тәжуидтеп оқып, әдеппен қадірлеп, қастерлейік! Жаратқанның Өзі айтқандай:

«Бұл Құран қайсы бір нәрсе жақсы болса, соған бастайды». Аллаһ тағаланың ғасырлар аса мыңдап дұшпандары қаншалық тырысса да, ешнәрсе ендіре алмаған мұғжизасы – Құран. Имам Малик рахматуллаһи ъаләйһи құзырында – алдында кейбіреулер бір іске «арзымаған нәрсе!» дегенде, «Дінде арзымаған нәрсе жоқ!» – деп ашу шақырған екен. Ия туысқандар, «арзымаған» деп жүріп, діннен айрылып қалмайық. Аллаһ тағалаға ықласпен етілген әр бір амалымыздың арқасында ақыреттің әбәди – мәңгілік мархаматына қол жеткіземіз.

Иләһи, солай болуға жазсын. Әмин, Йа Роббал ъаламин.

Абдулла қажы Жолдас. Шымкент қаласы. 1992 жыл. “Жібек Жолы баспасы”

  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: