Мұрағат

Posts Tagged ‘Тәжуид’

8-ші сабақ. Әріптердің оқылуы. Айн, дәл, дод әріптерінің оқылуы.

Ақпан 17, 2014 2 пікір

8-ші сабақ. Әріптердің оқылуы. Айн, дәл, дод әріптерінің оқылуы.

Бүгінгі сабағымызда айн, дәл және дод әріптерінің оқылуына тоқталамыз. Сабағымызда берілген суреттерге мұқият қараңыз, әріптерді бірнеше мәрте қайталап оқып шығыңыз. Кейін аудио файлды тыңдаңыз. Суретте «айн» әрпінің шығу орны бейнеленген. Айн әрпі мен 7-ші сабақта келген ғайн әріпте бір біріне ұқсас келеді. Айырмашылықтары үстіндегі бір нүктеде. Нүктесі бары Ғайн. Айн әрпі тамақты біраз қырыңқырап шығады. Ұстазымыз медреседе үйректің даусы секілді тамағыңды сәл қысып шығар деп үйрететін. Әрине ұстаздың алдында отырып үйренгенге жетпейді. Тег «Далее»

5-ші сабақ. Әріптердің оқылуы. Шин, син, сә (сақау сә) әріптерінің оқылуы. Син және сақау сә әріптерін салыстырып оқу.

Қаңтар 5, 2011 5 пікір


Бүгінгі сабағымызда шин, син және сақауланып, тіл тістеліп оқылатын сә әріптерінің оқылуына тоқталамыз. Сабағымызда берілген суреттерге мұқият қараңыз, әріптерді бірнеше мәрте қайталап оқып шығыңыз. Кейін аудио файлды тыңдаңыз. Суретте «шин» әрпінің шығу орны бейнеленген.

Тег «Далее»

4-ші сабақ. Әріптердің оқылуы. Һә, фә, қаф әріптерінің оқылуы. Қаф және кәф әріптерін салыстырып оқу.

Желтоқсан 31, 2010 Пікір қалдыру

Бүгінгі сабағымызда һә, фә, қаф әріптерінің оқылуына тоқталамыз. Сабағымызда берілген суреттерге мұқият қараңыз, әріптерді бірнеше мәрте қайталап оқып шығыңыз. Кейін аудио файлды тыңдаңыз. Суретте «Һә» әрпінің шығу орны бейнеленген. Тег «Далее»

Тәжуид сабақтарына кіріспе

Желтоқсан 31, 2010 Пікір қалдыру

Бисмилләһир рахманир рахим. Әлхәмду лилләһи роббил ъаламин. Уас соләту уәс сәләму ъалә ашрафил мурсалин.

Қадірлі мұсылман бауырлар! Отанымыздағы жүріп жатқан рухани және діни оң өзгерістер Ислам дінінің кемелденген дін екенін, Аллаһ тағаланың ұлы Кәләм шәрифі – Құран кәримнің тендессіз құбыланама және шексіз муғжиза – керемет екендігін тән алуға алып келуде. Бұл муқаддас – қасиетті кітапты оқып, оны тәпсірлеп – аударып халқымызға жеткізу жолында сүйікті еліміздің топырағынан шыққан қаншама ғұламаларымыз көз майын тауысып еңбек еткен. Тег «Далее»

Тәжуид туралы

Желтоқсан 31, 2010 Пікір қалдыру

Тәжуид сөзі сөздікте бірнәрсені көркем, дұрыс істеу деген мағына береді. Ал тәжуид ілімінде Құранды әдебіне қарай әріптердің махрадждарын беріп, сипаттарды жақсылап оқытып үйрететін ілім. Тәжуид ілімінде сөз иесі болған адамдарды мүджауид деп аталады.
Тәжуидтің мақсаты: Алла Тағаланың Құран Кәримнің тәжуидпен оқу үшін әмірін орнына келтіруін қадағалап, Құранды қатесіз оқылуын қолға алу болып табылады.
Тәртіп: Әріптерді сипатын мен махраджына қарай оқу, тоқтайтын жерлерін білу және қағидаларына қарай Құранды қатесіз оқу. Тіләуат сәждесіне келсе, оны оқу. Міне осыларды тәжуид ілімі үйретеді.  Тег «Далее»